13 марта 2026


ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру және талқылау кездесуі өтті. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, проректорлар, жоғары мектеп декандары, қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Кездесуді университет ректоры Мұхтар Төлеген ашып, Конституция – елдің құқықтық негізін айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауда және ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауда азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, университет ұжымы тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, қоғамның дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Осындай кездесулер азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.