5 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МОТИВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы 2025 жылдың 1–5 желтоқсан аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Басшының функциясы ретінде қызметкерлерді ынталандыру. Мотивациялық басқарудың әдістері мен құралдары» оқыту курсын ұйымдастырып өткізді.

Курстың мақсаты – басшылық лауазым иелерінің басқарушылық құзыреттіліктерін арттыру, ұжым тиімділігін көтеру және қызметкерлерді ынталандыруда мотивациялық механизмдерді тиімді қолдану дағдыларын дамыту. Бағдарлама барысында тыңдаушылар мотивациялық басқарудың негіздері, көшбасшылық функциялары, персоналды ынталандырудың заманауи тәсілдері мен құралдарын зерделеп, басқару жүйесіне аудит жүргізу жолдарымен танысты.

Оқыту процесін университеттің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының сениор-лекторы Кымбат Қанапиянова жүргізді. Сабақтар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар практикалық кейстерді талдап, басқарушылық дағдыларын бағалау және дамыту бойынша тәжірибелік жаттығулар орындады.

Курс қорытындысында тыңдаушылар Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлегенге сапалы ұйымдастырылған бағдарлама үшін және кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Қатысушылар мотивациялық басқару тәсілдерін қызметтік тәжірибесінде қолдануға ниетті екенін атап өтті.

Бұл бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсіміне, тиімді коммуникация орнатуға және басқару мәдениетін жетілдіруге бағытталған маңызды бастама болды.