27 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Химия кафедрасында «Білім беру үдерісі мен өндірісте жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Астана қаласынан және өңір аудандарынан және облыс, қала мектептерінен келген мұғалімдер, магистранттар мен докторанттар, және кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар онлайн және офлайн форматта өткізіліп, кең ауқымды аудиторияны қамтыды.

Семинар барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу, өндірістегі цифрлық шешімдер, ғылыми зерттеулерде заманауи құралдарды пайдалану мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Іс-шара кәсіби байланыстарды нығайтып, ғылым мен білім саласындағы жаңа бастамаларға серпін берді.