6 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СУ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН 3 САТЫЛЫ ФИЛЬТР ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде су сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми жоба жүзеге асырылып, 3 сатылы су тазарту фильтрін өндіру жұмыстары іске қосылды.

Университет ғалымдары әзірлеген бұл технология ауыз суды тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Фильтр жүйесі бірнеше кезең арқылы суды механикалық қоспалардан, зиянды химиялық заттардан және микроағзалардан тазартады.

Жоба өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті арттыруға және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғалымдардың айтуынша, әзірленген құрылғы жоғары тиімділігімен қатар қолжетімділігімен де ерекшеленеді.

Жаңа технологияны өндіріске енгізу – университет ғылымының нақты нәтижесін көрсетіп қана қоймай, өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге қосылған маңызды үлес болып табылады.