10 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми кеңес отырысы өтті. Отырыстың негізгі мәселелері ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің кафедрларында және Педагогика жоғары мектебінің кафедрларында мамандар даярлаудың сапасына арналды.

Күн тәртібі аясында университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мен жетілдірудің нәтижелері, мәселелері және келешегі талқыланды. Сондай-ақ, 2026–2027 оқу жылына арналған бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары, элективті пәндер каталогы, «Minor» қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы және микроквалификациялар бағдарламалары бекітілді.

Қосымша тақырыптар ретінде университеттің көлік паркінің техникалық жағдайы, Халықаралық Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларға дайындық, педагогикалық бағыттағы бітіруші курс студенттерінің «Педагогтің білімін бағалау» тапсырмасын орындауы, ПОҚ және қызметкерлердің оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін жариялауға ұсынуы қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша университеттің Даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар бекітілді.