12 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында «Мектепте тиімді қолдануға арналған жасанды интеллект платформалары» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Қонақ дәрісті ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Айсулу Азимхан өткізді.

Дәріс барысында спикер мектепте қолдануға болатын заманауи жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктерін таныстырып, оқу үдерісіне жасанды интеллектті енгізудің тиімді әдістерімен бөлісті. Сонымен қатар оқу материалдарын дайындау, тапсырмалар құрастыру, презентациялар жасау, викториналар мен сұрақтар генерациялау кезінде ЖИ құралдарын қолдану бойынша өз тәжірибесін көрсетті және педагогикалық қызметінде белсенді пайдаланатын ЖИ сервистерінің жұмыс принциптері мен артықшылықтарын түсіндірді.

Іс-шараға кафедра оқытушылары және 2–4 курс студенттері қатысты. Дәріс соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Өткізілген кездесу студенттердің білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын нығайтуға ықпал етті.