11 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ҚЫРАНДАЙ ҚАЛЫҚТАҒАН ЕРКІН ЕЛ» – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Биология кафедрасында  6В08301 – «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері үшін ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҚЫРАНДАЙ ҚАЛЫҚТАҒАН ЕРКІН ЕЛ» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи кезеңдер кең көлемде, көркемдік және тәрбиелік мәнге бай түрде көрініс тапты. Студенттер ел тарихындағы маңызды оқиғаларды, тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалардың ерлігін, ұлттық батырлар мен зиялылардың ұмытылмас еңбегін жан-жақты таныстыра отырып, қатысушыларға тарихи сананы арттыруға бағытталған мазмұнды материалдар ұсынды.

Ашық тәрбие сағатының ерекшелігі – патриоттық сезімді оятатын, ұлттық рухты көтеретін шығармашылық элементтердің көптігінде болды. Студенттер әсерлі өлең жолдарын оқып, әдеби қойылымдар арқылы тәуелсіздікке қол жеткізудегі ерлік пен елдік мұратты бейнеледі. Сондай-ақ, шағын көркем көріністер ұсынылып, азаттық жолында өмірін сарп еткен бабаларымыздың батырлығы мен ел бірлігінің маңызы көрнекі түрде жеткізілді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің тарихи санасын тереңдету, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу және Тәуелсіздіктің шынайы мәнін түсіндіру болды. Іс-шара барысында студенттер өз елінің болашағына жауапты азамат ретінде өзін сезініп, қоғамдағы патриоттық рөлін түсінді. Сонымен қатар, тәрбие сағатында студенттер арасындағы шығармашылық белсенділік байқалып, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік туды.

Топ кураторы – Биология кафедрасының лекторы Зухра Багимбаева ашық тәрбие сағатында студенттердің белсенді қатысуын, олардың патриоттық сезімін оятуды және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ерекше көңіл бөлді.