25 февраля 2026
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «DIGITAL FUTURE» IT-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алушыларға арналған «Digital Future» атты IT-жобалар байқауы өтті. Іс-шара университеттің Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – Аманжолов университеті студенттерінің жобалық қызметке қызығушылығын арттыру, командалық жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми және қолданбалы нәтижелерді көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту. Байқау жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласына қызығушылық білдіретін студенттерге арналды.
Байқау аясында заманауи ғылыми-техникалық және қолданбалы бағыттар бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған студенттердің авторлық IT-жобалары ұсынылды. Қатысушылар жобалардың тақырыптарын дербес таңдап, инновациялық идеялары мен практикалық шешімдерін ортаға салды.
Байқауға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Робототехника және жасанды интеллект», «Ақпараттық жүйелер», «Информатика (IP)», «Математика – информатика» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысты.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Бас жүлде: 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» БББ 3 курс білім алушылары Ерғали Арай, Сатбеков Елнар «Терең оқыту негізінде өкпе ауруларын автоматты түрде ерте диагностикалау (YOLOv8)» жобасы;
1-орын 6В01101 – «Робототехника және ЖИ» БББ 1 курс білім алушысы Хорёв Алексей Александрович «Quizi_Test» жобасы;
2-орын 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» БББ 3 курс білім алушылары Еркінбек Асылбек Келдібекұлы, Темірхан Ақниет Набиқызы, Абдразахов Элбек Абдурашидугли «Ақша бақылаушы Money Tracker» жобасы; 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» БББ 3 курс білім алушылары Чериязданов Асхат Советқанұлы, Нұрлықанов Нұржан «EchoPlay — микро-челлендждер арқылы адамның күнделікті белсенділігін арттыруға арналған интерактивті мобильді қосымша» жобасы;
3-орын 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» БББ 2 курс білім алушылары Айдарханқызы Тоғжан, Жақсылық Анел Бақтиярқызы «ExamTrainer – емтиханға дайындық симуляторы» жобасы; 6В01511 – «Математика – информатика» БББ 2 курс білім алушылары Марат Мәди Маратұлы, Маратов Ернұр Қайратұлы, Мәулетхан Айбота «UniStep: 1-курс студенттеріне арналған цифрлық ментор» жобасы.
«Digital Future» IT-жобалар байқауы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің инновациялық ойлауын дамытуға, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
