5 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШЕМОНАИХА АУДАНЫНДА ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІ

Amanzholov University өкілдері университет ректоры Мұхтар Төлегеннің жетекшілігімен Шемонаиха ауданына барып, мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова университеттің білім беру бағдарламалары, оқу артықшылықтары, рейтингтері мен жетістіктері туралы кеңінен таныстырды.

Іс-шара аясында университет ректоры Шемонаиха ауданынан шыққан, оқу мен қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.

Мектеп оқушыларының университетке деген қызығушылығы ерекше байқалды: олар көптеген сұрақтар қойып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне оқуға түсу ниеттерін білдірді.

Кездесу соңында университет белсенділерінің әсерлі вокалдық және би нөмірлері ұсынылып, іс-шара көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.