4 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МУЗЕЙ КЕҢІСТІГІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ: ИНТЕНСИВ НӘТИЖЕЛЕРІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде музей қызметкерлеріне арналған «Инклюзивті білім беру интенсиві» өтті.

Іс-шара «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ю.Е. Кукина, сениор-лектор, психология ғылымдарының магистрі К.Д. Канапиянова , сондай-ақ «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Интенсивтің мақсаты — музей қызметкерлерінің инклюзивті білім беру саласындағы құзыреттерін арттыру, заманауи технологиялар мен әртүрлі санаттағы келушілермен тиімді жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

Бағдарлама аясында қолжетімді музей ортасын қалыптастыру, әмбебап дизайн қағидаттары, инклюзивті экспозициялық және ағартушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар трансформациялық ойындар арқылы практикалық кейстерді талдап, келушілермен өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдірді.

Интерактивті формат, тәжірибелік жұмыстар мен пікір алмасу музей кеңістігінде инклюзивті шешімдерді енгізуге бағытталған жаңа идеялар мен тиімді құралдарды игеруге мүмкіндік берді.