10 ноября 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ЖАПОНИЯДАҒЫ WALS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Жанат Сейтахметова Жапонияның Хиросима қаласында өтіп жатқан WALS халықаралық конференциясына қатысты. Ол Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлескен команда құрамында университет атынан баяндама жасады.

Бірлескен зерттеу оқуында қиындықтары бар оқушыларды қолдауға арналды және педагогтер, психологтер мен тьюторлардың кешенді тәсілінің тиімділігін көрсетті. Команда өз жұмысының нәтижелерін ұсынып, мектеп білімін дамытуға маңызды тәжірибесімен бөлісті.