22 декабря 2025
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫ
2025 жылғы 18–20 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын AP23490443 ИРН «Цифрлық экономиканың дамуы жағдайында адами капиталды басқару және еңбек ресурстарының сапасын арттыру» атты ғылыми жобаны іске асыру аясында профессор Жібек Рахметулина Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың негізгі бағыты — елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетіне бару болды.
Сапар барысында Экономика факультетінің деканы Абдувохаб Умаров, «Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі Қахрамон Мамбетжанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шухрат Юлдашев, сондай-ақ халықаралық байланыстарға жауапты Дияр Каримов жұмыс кездесуі өтті. Кездесу адами капиталды басқару, еңбек нарығының трансформациясы және цифрландырудың еңбек ресурстарының сапасына ықпалы сияқты өзекті ғылыми бағыттарды талқылауға арналды.
Тараптар адами капиталды бағалаудың ұлттық модельдерінің салыстырмалылығы, цифрлық индикаторларды қолдану, жасанды интеллектті енгізу жағдайында құзыреттерді дамыту және орнықты білім беру траекторияларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықаралық ғылыми басылымдарда бірлескен мақалалар жариялау перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер әзірлеу және цифрлық экономика мен адами капитал мәселелеріне арналған халықаралық жобаларға қатысу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ академиялық алмасу, бірлескен ғылыми семинарлар өткізу және жас зерттеушілер мен докторанттарды халықаралық зерттеу топтарына тарту мүмкіндіктері қарастырылды.
Сапар аясында профессор Жібек Рахметулина Өзбекстандағы адами капиталды дамытуға бағытталған институционалдық ортаға, білім беру практикаларына және әдіснамалық тәсілдерге талдау жүргізуді қамтитын далалық зерттеулер өткізді. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық базасын қалыптастыру мақсатында Ташкент қаласындағы жетекші ғылыми кітапханаларға барып, салыстырмалы талдау жасауға қажетті статистикалық, нормативтік және ғылыми материалдар жинақталды.
Аталған жұмыс сапары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарын кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба аясында бірлескен зерттеулердің одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

