11 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫНА PhD ДОКТОРЫ ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы №52 бұйрығына сәйкес 6D010200 — «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша Аманжолов университетінің оқытушысы Малика Бекбаеваға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

PhD ғылыми дәрежесі диссертациялық зерттеу нәтижелері негізінде және белгіленген талаптарға сәйкес берілді. Зерттеу жұмысы педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Соңғы жылдары Аманжолов университетінде ғылыми кадрларды даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, соңғы 8 жыл ішінде университетте ғылым докторларының саны 7-ден 200-ге дейін, яғни 28 есеге артты. Бұл көрсеткіш профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметке тартылу деңгейінің өскенін және ғылыми инфрақұрылымның қалыптасқанын көрсетеді.

Университетте ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, докторантура бағдарламаларын дамыту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысқа қатысуына жағдай жасау басым бағыттардың бірі болып табылады. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аманжолов университеті білім беру және ғылыми қызмет сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді іске асыруды жүйелі түрде жалғастырады.