10 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ДОКТОРЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес 6D010200 — «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша университетіміздің оқытушысы Малика Бекбаеваға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілгенін хабарлайды.

Бұл — университетіміздің ғылыми қызметінің нәтижесі және жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға қосылған үлесі болып табылады.

Соңғы 8 жыл ішінде Аманжолов университетінде 200-ден астам докторант өз ғылыми дәрежесін сәтті қорғаған. Бұл көрсеткіш университеттегі ғылым мен жоғары білімнің жүйелі дамып келе жатқанын дәлелдейді.

Университет жас ғалымдарды қолдауды, олардың ғылыми бастамаларын дамыту мен халықаралық деңгейдегі зерттеулер жүргізуін тұрақты түрде қамтамасыз етеді.