26 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕР ТЕГІН ҚАН ДОНОРЛЫҒЫН ҚОЛДАУДА

2026 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қанның өтеусіз донорлығы айы деп жариялады. Бұл бастама ерікті донорлық мәдениетін дамытуға, өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қоғамда нығайтуға бағытталған.

Аталған айлық аясында Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілер тобы — «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының бірінші және екінші курс студенттері куратор А. Омарканованың жетекшілігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық филиалының қолдауымен донорлық акция ұйымдастырды.

Іс-шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студент-еріктілері белсенді қатысты: Б. Зацарин, А. Щербакова, А. Акажанова, С. Еркінбеков, Д. Бақытжан, Р. Жуконев, Б. Мурсалимов, Р. Полатбаев, Е. Алтаева. Жастар өтеусіз донорлықты насихаттау бастамасын қолдап, адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосты.

ҚР ҚЖҚ облыстық филиалының қызметкерлері акция барысында медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылап, донор болуға ниетті азаматтарға кеңес берді.