2 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ҮНДЕДІ

Шығыс Қазақстан облысында алдағы Референдумды қолдауға бағытталған қоғамдық-мәдени форматтағы live-концерт ұйымдастырылды. Іс-шара ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды көпшілікке кеңінен таныстыруды мақсат етті.

Аталған концерт барысында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттері  қатысты. Референдумның маңызын – жаңа Ата заң!» бастамасы шеңберінде өтті және өңірдегі Жалпыұлттық коалиция жұмысының маңызды қоғамдық алаңдарының біріне айналды. Бұл формат қоғаммен ашық пікір алмасуға, азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік берді.

Концерт бағдарламасы барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары — Мирас пен Садраддин, сондай-ақ өзге де өнерпаздар өнер көрсетіп, кештің мазмұнын байытты.

Шара аясында елдің болашағы, қоғамдық жауапкершілік және Референдумның тарихи мәні сынды тақырыптар кеңінен қозғалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар азаматтардың саяси мәдениетін арттыруға және қоғамда белсенді ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Еске салайық, 15 наурызда өтетін Референдум – әрбір азамат үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Осы орайда Аманжолов университетінің студенттері барша тұрғындарды Референдумға қатысып, өз азаматтық көзқарасын білдіруге үндеді.