23 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ «ЕҢБЕКШІ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» ҚОРЫТЫНДЫ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ШҚО жаңа мамандықтар атласы «Еңбекші мамандықтар жылы» қорытындысы бойынша өткен форумына қатысты. Жаңа білім беру бағдарламасы университет пен өңірдегі колледждерде сұранысқа ие факультеттерді ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп бітірушілер үшін бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоба өңір үшін маңызды салаларды қамтиды: металлургия, білім беру, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм. Атлас құжатымен жыл бойы университеттің оқытушылары мен ғалымдары жұмыс істеді. Дамытушылардың пікірінше, атлас өңірдің білім беру жүйесінде нақты серпіліс жасады. Жаңа оқу жылдан бастап жаңа компетенциялар ашылып, білім беру бағдарламалары жаңартылып, кадрларды дайындау жүйесі еңбек нарығының болашақ талаптарына сай болады.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық проректоры Ирина Ровнякова форумға қатысты:

«Сәрсен Аманжолов атындағы университетінде көптеген мамандықтар ашылады, олар микроқұзыреттер бойынша жүргізіледі. Студент екінші курстан бастап мамандық бойынша біліктілікті алып, еңбек нарығында өзекті бола алады. Бұл тек біздің облысқа ғана емес, республика бойынша да маңызды. Бұл өте қызықты. Бұл жасанды интеллектпен, азық-түлік өңдеу саласындағы жаңа технологиялармен және агробизнес саласымен байланысты.» деп атап өтті.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ өңірдің білім беру саласын дамытуда көшбасшы рөлін атқарып, болашақ мамандарды кәсіби және заманауи дағдыларға ие етіп тәрбиелеуге бағытталған барлық бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Университеттің осы жобадағы қатысуы студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қосуда.