25 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА I ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Асель Апышева Ресей Федерациясында өткен II Халықаралық ғылыми еңбектер байқауы – «Ғылым жасаушылар» номинациясы «Ғылыми мақалалар» бойынша I орынға ие болды.

Ресми дипломға сәйкес, бұл марапат Асель Апышеваның шетелдік және қазақстандық әріптестерімен бірлескен ғылыми жұмысына берілген. Бірлескен зерттеуге қатысқан ғалымдар: экономика ғылымдарының докторы, профессор Дубина И.Н. (Алтай мемлекеттік университеті, Ресей), экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Рахметулина Ж.Б. (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), PhD докторы Жанабергенова М.А. (АО «QazTrade»).

Зерттеудің тақырыбы – «Ұлттық мәдениеттер мен креативті және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту арасындағы өзара байланыс». Мақала Қазақстан Республикасының БҒМ МНВО AP19680192 жобасы аясында дайындалған. Жобаның мақсаты – шағын және орта бизнестің креативті индустрияларды дамытуға әсерін зерттеу, ұлттық мәдени құндылықтар, дәстүрлі ерекшеліктер және институционалдық орта елдегі креативті экономика мен инновациялық белсенділікке, кәсіпкерлік әлеуетке қалай ықпал ететінін анықтау.

Ғылыми жұмыс сарапшылар комиссиясы тарапынан өзектілігі мен мазмұндық сапасы бойынша жоғары бағаға ие болды.

Асель Апышеваның халықаралық байқауда I орын алуы — зерттеудің маңыздылығын мойындаудың айқын көрінісі болып табылады және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің креативті экономика мен кәсіпкерлік саласындағы ғылыми зерттеулерге қосқан үлесін көрсетті.