17 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Өскемен қаласындағы «Медико-стоматологиялық колледж» ЖШС түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ, ТиПО) базасында қысқартылған оқу бағдарламаларына түсу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру гранттарына қатысу үшін өткізілетін тестілеу форматы туралы толық ақпарат беріліп, қабылдау талаптары мен кезеңдері таныстырылды.

Іс-шара аясында университет өкілдері білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталып, оқу үдерісінің артықшылықтарын атап өтті. Студенттерге академиялық мүмкіндіктер, кәсіби даму бағыттары және болашақ мамандық таңдаудағы маңызды аспектілер жөнінде кеңінен мәлімет ұсынылды.

Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары жастардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына бағыт береді.