26 сентября 2025


“АҚ БИДАЙ” VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ ОЙЫНДАРЫНДА АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫМЕН БІРГЕ ЖЕҢІС ЖЕТТІ

Аманжолов университетінің спортшылары еліміздің ең ірі ауылдық спорт додасы – “Ақ Бидай” VII республикалық ауыл ойындарында топ жарып, оқу орнының атын республика көлемінде асқақтатты.

9-22 қыркүйек аралығында Алматы облысы, Қаскелең қаласында өткен жарысқа еліміздің 17 облысынан үздік спортшылар қатысты. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының волейбол командасы 1-орынға қол жеткізді. Бұл жетістік – өңір намысын қорғаған спортшылардың үлкен еңбегінің жемісі.

  • Төлеусабыр Диана – Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының лекторы;
  • Насетова Айым –  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті;
  • Касаинова Анеля – «Сауықтыру дене шынықтыру» мамандығының 4-курс студенті.

Олар спорттық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Бұл табыс – еңбектің, табандылықтың және спортқа деген адалдықтың айқын нәтижесі.

Жоғары көрсеткіштері үшін жеңімпаз спортшыларға “Спорт шебері” атағын беру ұсынылуда!