23 октября 2025
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылдың 23 қазан күні IT және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Биология кафедрасында жоспарға сай академиялық комитеттің отырысы өтті.
Академиялық комитет мүшелері толық құрамда қатысып, кафедраның оқу және ғылыми бағыттағы стратегиялық мәселелері қаралды.
Академиялық отырысты Биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Китапбаева А.А. жүргізді.
БББ менеджерлері: «6В01516 – Биология IP» – Комекова Г.К.; «6В05101 – Биология» – Багимбаева З.Б.; «6В01512 – Биология-жаратылыстану» – Амангелді Н.М.; «6В08301 – Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» – Алипина Қ.Б.; «7М05101 – Биология», «7М01505 – Биология» – Садыканова Г.Е.; «8D01505 – Биология» – Кабатаева Ж.К.
Жұмыс берушілер:
Асқарова Айнұр Адильбековна – ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ директоры; Мусабаева Динара Дюсупқызы – «№41 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры; Токтасынов Кенжегазы Абзалбекович – «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма төрағасы; Мейрембеков Қайрат Амангельдинович – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы басшысы; Қасымбаев Валерий Мухтарович – «Пасека» шаруа қожалығының директоры; Касымханов Айбек Маханбетович – «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалы директоры м.а.
Білім алушылар:
Төлегенова Бибігүл Мадиқызы (6В01516 – «Биология (IP)», 2 курс), Мукамет Марина (6В01512 – «Биология-жаратылыстану», 4 курс), Азатқызы Айзат (7М01505 – «Биология», 2 оқу жылы), Рамазанова Мерейлі Қайратқызы (8D01505 – «Биология», 2 оқу жылы), Абраимова Милла Вячеславовна (6В05101 – «Биология», 3 курс), Серікхан Бүлдіршін (6В08301 – «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы», 4 курс), Гладышев Алексей Олегович (7М05101 – «Биология», 1 оқу жылы).
Күн тәртібінде оқу процесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қорытынды мемлекеттік емтихан сұрақтарын бекіту, 2026–2027 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімін енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін бағалау және мектептермен стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, магистрлік диссертация тақырыптары қаралып, ғылыми жетекшілер мен рецензенттер тағайындалды.
Отырыста инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жаңартылған оқу бағдарламасына жасанды интеллект технологияларын кіріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бастама білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін дараландыруға және заманауи цифрлық шешімдер арқылы оқу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа элективті пәндерді енгізу, инклюзивті білім беру мен цифрлық технологияларды интеграциялау бағытында нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ кафедраның академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.



