1 октября 2025


БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА ҰСТАЗДАРҒА АЛҒЫС АЙТУ АПТАЛЫҒЫ

Ұстаздарға алғыс айту апталығы аясында биология кафедрасында педагогикалық еңбек ардагері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Константин Прокоповқа арналған іс-шара өтті.

6B05101 «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері ұйымдастырған кездесуде жүрекжарды алғыс сөздер, естеліктер, өлеңдер мен музыкалық құттықтаулар айтылды. Шараның атмосферасы ғылым мен педагогикаға адал қызмет еткен ұстазға деген шынайы құрмет пен ілтипатқа толы болды.

Іс-шара топ кураторы Жадыра Қанатқызы Кабатаеваның жетекшілігімен өтті.