29 сентября 2025


БОЛАШАҚ МЕКТЕБІ: ФОРСАЙТ-СЕССИЯ ӨТТІ

№2 Белоусовка орта мектебінде «Болашақ мектебі: даму үшін серіктестік» тақырыбында форсайт-сессия өтті. Іс-шараға білім, ғылым және қоғам өкілдері қатысты. Жоғары оқу орнынан сессия жұмысына «Дана Бала» орталығының жетекшісі А.К. Алипова және сениор-лекторлар Ю.Е Кукина. мен К.Д. Канапиянова. қатысты.

 

Қатысушылар мектепті ынтымақтастық, инновациялар және ерте кәсіби бағдарлау алаңы ретінде дамыту перспективаларын талқылап, өзекті мәселелер мен оларды бірлесіп шешу жолдарын айқындады.