29 сентября 2025
БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕК
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың бірінші курс студенттері университет өмірі мен оқу үдерісіне қатысты барлық маңызды мәліметтер жинақталған арнайы «Бірінші курс студенттеріне арналған нұсқаулық» анықтамалықпен танысты.
Анықтамалықта студенттерді жиі мазалайтын студенттік билетті қалай рәсімдеу, сабақ кестесін қайдан көру, психологиялық немесе академиялық көмек алу жолдары, ішкі тәртіп ережелері мен студенттік ұйымдар жұмысына қатысу мүмкіндіктері сияқты сұрақтардың жауабы берілген.
Бұл бастама жаңа студенттердің университет өміріне тез бейімделуіне және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.