29 апреля 2025


БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА БӨЛУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде мемлекеттік білім беру гранты және әкім гранты негізінде 2025 жылы оқуын аяқтайтын студенттерді жекелей жұмысқа бөлу кезеңі жалғасуда.

Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін “География” (ғылыми бағыт) және “Экология” білім беру бағдарламаларының студенттері жұмысқа жолдама алды.

Университет студенттерін жұмыс орындарына бөлу рәсімі 29 мамырға дейін жалғасады.