23 октября 2025


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері Өскемен қаласындағы арнайы балалар үйіне барып, қайырымдылық және тазалық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер мекеме аумағын ретке келтіріп қана қоймай, балалармен тілдесіп, түрлі ойындар ойнап, қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлады.

Акцияға сондай-ақ университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Тәжікстаннан келген шетелдік студенттер де белсене қатысты.

Осындай игі бастамалар көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетумен қатар, жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, азаматтық белсенділік пен мейірімділік және қамқорлық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.