7 октября 2025


ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қытай Халық Республикасынан және Моңғолиядан келген жастармен кездесу өтті.

2025–2026 оқу жылында аталған елдерден келген 40 жас гранттық негізде университеттің дайындық бөліміне қабылданды. Олар тыңдаушы мәртебесінде білім алып, университеттің жатақханасында тұрады және барлық мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Кездесу барысында жастар университеттің тарихымен, білім беру бағдарламаларымен және студенттік өмірімен танысты. Сондай-ақ оқу корпустарын, ғылыми-зерттеу орталықтарын және кітапхананы аралап, олардың қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Дайындық бөлімі тыңдаушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, қазақ тілін үйренуде және университетіміздің толыққанды студенті болуға әзірленуде.

Кездесуге қатысушылар университеттің заманауи инфрақұрылымын, білім беру әлеуетін және ашық та достық атмосферасын жоғары бағалады.

Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жастар арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға және университеттің халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.