30 сентября 2025


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Жасанды интеллект саласындағы оқу бағдарламаларын жаңарту» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара Қазақстандағы Жасанды интеллект аптасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Айнур Уалханова және Жеңісгүл Жантасова ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі отырысына қатысу нәтижелерімен бөлісті. Олар жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибелерін таныстырып, жасанды интеллект саласындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ұсынды.

Сонымен қатар, TechOrda жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижелері ұсынылды.

Семинарда Компьютерлік үлгілеу кафедрасында 2025–2026 оқу жылынан бастап іске қосылатын «Робототехника және жасанды интеллект» жаңа білім беру бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асырылу барысы талқыланды.