28 ноября 2025


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОЛДАНЫСТА: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Цифрлық дәуірді қалыптастыру: жасанды интеллект іс-әрекетте» атты ауқымды ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара педагогикалық білімнің дамуына елеулі үлес қосқан педагог, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сания Кубентаева арналды.

Конференция IT-сала мамандары мен жасанды интеллект бағытында зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдардың тәжірибе алмасу алаңына айналды. Іс-шараның маңызын арттырған жайт — серіктес жоғары оқу орны Алтай мемлекеттік университетінің өкілдері мен ЖИ бағытындағы практик мамандардың қатысуы.

Қатысушыларға құттықтау сөзін университеттің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова жолдады. Ол жасанды интеллект тақырыбының бүгінгі күні жай ғана өзекті емес, аса өзекті екенін атап өтті, себебі бұл мәселе білім беру жүйесінің барлық деңгейінде — мектептен докторантураға дейін талқыланып келеді. Оның айтуынша, цифрлық дәуірді дамытуды педагогикалық қызмет тұрғысынан да қарастыру қажет.

Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ.) оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры, IT-маман Евгения Жданова Ресей мен Қазақстан арасындағы ғылыми білім синергиясының маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қос мемлекет те жасанды интеллект саласында зор әлеуетке ие, ал бірлескен зерттеулердің дамуы сұранысқа ие ғылыми өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Конференция барысында жасанды интеллект бойынша зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар мен мамандар баяндама жасады: Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің информатика кафедрасының профессоры, ғылым докторы Меруерт Серік, Алтай мемлекеттік университетінің теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Елена Понькина, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ цифрландыру департаменті басшысының орынбасары Бақытгүл Каленова, сондай-ақ университеттің оқытушылары, магистранттар, докторанттар мен студенттері.

Конференция барысында қатысушылар Сания Кубентаеваны 30 жылдан астам уақыт бойы университет ұжымында атқарған адал еңбегімен құттықтады. Оның кафедра дамуына қосқан үлесі, жас мамандарды қолдауы және білім беру бағдарламаларын жетілдірудегі еңбегі ерекше атап өтілді. Әріптестері Сания Нұрланбековнаның кәсібилігіне, ізгілігіне және әрдайым қолдау көрсетуге дайын тұратынына шынайы ризашылық білдірді. Қатысушылар оған шығармашылық табыс, мықты денсаулық және игілік тілей отырып, оның көпжылдық еңбегін бүкіл ұжым мен болашақ IT-мамандары үшін шабыт беретін үлгі ретінде атап өтті.

Конференция қонақтары сондай-ақ бірқатар құрылымдық бөлімшелер мен ғылыми орталықтарды аралады: AI орталығы, «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, химия кафедрасының зертханалары, Жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және компьютерлік модельдеу зертханасы,  Су тазарту инновациялық технологиялары мен экологиялық энергия көздерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-өндірістік зертхана, «Бет инженериясы және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы.

Конференцияның өтуі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын белсенді түрде дамытып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Университет ғылыми-зерттеу базасын жүйелі түрде нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, цифрлық дәуірді қалыптастыруға үлес қоса алатын білікті IT-мамандарды даярлауға қолайлы жағдай жасап отыр.