1 октября 2025


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ: САРАПШЫЛАР РАЦИОНАЛДЫ СУ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, экология және география кафедрасында «Жасыл экономика және су ресурстарын тиімді басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға оқытушылар, студенттер, эколог-мамандар, сондай-ақ «Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ мен «Қазаэронавигация» РММ Өскемен филиалының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзін кафедра меңгерушісі Салтанат Айтқожина арнап, тақырыптың өзектілігі мен болашақ мамандарды даярлаудағы маңызын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында рационалды су пайдалану, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігі, климаттық өзгерістердің әсері және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім берудің рөлі туралы баяндамалар ұсынылды. Кейін пікірталас өтіп, қатысушылар тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар айтты.

Кездесу қорытындысында су ресурстарын тиімді басқару тек ғылым, тәжірибе және мемлекеттік құрылымдардың кешенді өзара әрекеттестігі арқылы мүмкін екендігі расталды. Экология және география кафедрасы экология мен тұрақты даму саласында тәжірибе алмасуға және бірлескен жұмысқа арналған ашық алаң құруды жалғастыруда.