17 ноября 2025


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

     Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мубараков Мирас Қуанышевич және Үлбі ПБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Жақсыбаева Д.М. жасөспірімдермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында балалар еңбегін заңсыз пайдалану, жезөкшелікке тарту, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер қаңғыбастығы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдерге олардың құқықтарын, қауіпті жағдайлардан қорғану тәсілдерін түсіндіріп, сондай-ақ дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы еске салды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды түрлі қауіп-қатерден қорғау және қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.