11 декабря 2025


ЖОО АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жоғары оқу орындары арасында педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін жетілдіру және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында онлайн форматта тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Кездесуге түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын іске асыру үдерісі, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқыту сапасын арттыру жолдары және әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.

Шара барысында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Бақытгүл Исебаева бағдарламаның орындалу барысы, оқу-әдістемелік сүйемелдеу ерекшеліктері және оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдер туралы тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн кездесу аясында қатысушылар педагогикалық қайта даярлау үдерісін жетілдіру, бірлескен бастамаларды іске асыру және білім беру сапасын арттыруға бағытталған ортақ қадамдарды айқындады.

Кездесу қорытындысында жоғары оқу орындарының өкілдері өзара әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасу алаңдарын кеңейтуге және педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын бірлесе дамытуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.