9 января 2026


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бөлім 2026 жылғы 12–16 қаңтар аралығында университет оқытушыларына арналған «Жоғары білім беруде жасанды интеллект» қысқы мектебінің басталатынын хабарлайды.

Қысқы мектептің мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бағдарлама аясында білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру, сондай-ақ заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылады.

Қысқы мектептің негізгі міндеттері:

  1. жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру;
  2. жасанды интеллект негізіндегі заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыруға арналған практикалық дағдыларды дамыту;
  3. оқытуды дараландыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеру;
  4. университеттің білім беру және оқу-әдістемелік қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің озық тәжірибелерін зерделеу және тарату.

Университет оқытушылары мен қызметкерлерін қысқы мектеп жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз.