2 апреля 2026
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ «Ғылым айлығы» басталуына орай «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ-2026» байқауының кезекті отырысы өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми қызметкерлер арасында жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша дәстүрлі байқау жалғасуда. Биыл байқауға үздік атануға үміткер жас ғалымдар қатысты.
Қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне өз ғылыми зерттеулерінің өзектілігін, ерекшелігін, перспективтілігін және нәтижелерін көрсететін баяндамалар мен презентациялар ұсынды.
Жобаларды қорғауда университеттің жас ғалымдары қоғамдық-техникалық бағыттың кең ауқымын қамтитын өзекті жұмыстарын ұсынды. Соның ішінде:
Гладышев Алексей – «Inonotus obliquus (Pers.) Pilát саңырауқұлағын in vitro жағдайында өсіру және әртүрлі қоректік орталарда мицелий өсуін салыстырмалы талдау»;
Сабитов Оразалы Оразалыулы – «Трутень дернәсілдерінің гомогенатын пайдалана отырып көпкомпонентті майды құрастыру және стандарттау»;
Семёнова Анжелика Дмитриевна – «КорнеСил-А»;
Тлеубергенова Гүлім Тлеубекқызы – «STEM ғылым мен зерттеушілік дағдыларды дамыту: 3D-сканер қолданудың тиімді жолдары»;
Әлімбекұлы Темірлан – «Электролиттік-плазмалық нитроцементация кезіндегі электрлі разрядтық үдерістерін зерттеу»;
Әлібекова Балым – «Электролит құрамының және микродоғалық оксидтеу режимдерінің АМГ6 қорытпасындағы алюмосиликатты жабындардың қасиеттеріне әсері»;
Набиолдина Айым Бауржанқызы – «Мұнай құбыры жүйесі элементтерінің ресурсын арттыруға арналған технологиялық шешім»;
Болатов Санжар – «9ХС болатының микрокұрылымы мен тозуға төзімділігіне лазерлік беттік шынықтырудың әсері».
Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары кең ауқымды, сапалы әрі ғылымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті екені атап өтілді.



