3 октября 2025


ЖҰМАШ КӘРІМҰЛЫ УӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университеті Ж.К. Уәлиев атындағы стипендияны тағайындау конкурсына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақы студенттердің университетегі ғылыми және шығармашылық, ең бастысы, оқудағы қызметке ынталандыру, және де Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ құрмет ректоры, ғылым, көрнекті педагог Жұмаш Кәрімұлы есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады. Стипендия дегеніміз не? Стипендия оқу жылы ішінде 1 (бір) семестр мерзіміне ай сайын 50 000 (елу мың) теңге мөлшеріндегі ақшалай төлем, университеттің студенттеріне банктік шотына аудару алады. Байқауға кім қатыса алады? Атаулы стипендияға келесі талаптарға жауап беретін “Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті” КЕАҚ бакалавриатының барлық мамандықтарының 2-4 курс студенттері үміткер бола алады: — Ағымдағы оқу жылында 3,5-тен жоғары GPA (деректер сынақ кітапшасының көшірмесімен немесе транскриптімен расталуы тиіс); — университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысу (ғылыми –техникалық конференцияларға, ғылыми жобаларға, олимпиадалар, мақалалар жариялау, байқауларға қатысу) растайтын құжаттардың көшірмелерін, жарияланған ғылыми жұмыстардың тізімдері мен бедерлерін ұсыну қажет; — Ж.К. Уәлиев атындағы шәкіртақыны тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу жоғары тұрған критерийлерді ұстану тәртібімен жүзеге асырылады, ғылыми-зерттеу қызметіне басымды ұпай беріледі. — Тең жағдайда басымдығы бар: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер. Конкурсқа қатысу үшін қандай деректер қажет? Стипендияға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс (қазақ немесе орыс тілдерінде): — студенттің өтінімі (конкурс туралы Ережеге 1-қосымша); — жеке куәлік көшірмесі; — транскрипт; — кафедра меңгерушісінің мінездемесі орыс немесе қазақ тілінде; — Жоғары мектеп деканынан студентке туралы ұсынысы; — конкурсқа қатысушының сауалнамасы (конкурс туралы Ережеге 2-қосымша).