1 октября 2025


ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ПРОФЕССОРЛАР ШҚУ-ДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері үшін көкжиегін кеңейтіп, академиялық тәжірибесін арттыруға ерекше мүмкіндік туды. Олар үшін Трисакти университетінен (Джакарта, Индонезия) арнайы келген құрметті қонақтар — профессор Йоланда Масница Сиагиан және доктор Хусна Лейла Юсран дәріс оқыды.

Дәріс барысында қонақтар экономика, бизнес және құқық салаларындағы өзекті білімдері мен халықаралық тәжірибелерімен бөлісіп, академиялық ынтымақтастық пен студенттер алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Бұл кездесу екі университет арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға маңызды қадам болып, студенттердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.