10 июля 2025


«КАЗМЫРЫШ» КОМПАНИЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СЫНАҚ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазмырыш» — түсті металлургия кәсіпорны басшылық құрамына Мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша сынақ (пробный) курсы өткізілді.

Аталған курсты қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Садыкова Сәуле Турсыновна, сениор-лекторлар Жоканасова Халима Магауяновна, Сапанова Айман Маутхановна өткізді.

Курс барысында тыңдаушыларға өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесі, соның ішінде инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдаланудың тиімділігі көрсетілді.
Курс жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта жалғасын табады деген ойдамын.