21 марта 2026


КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС: ҚОЛ КҮРЕСІНЕН КОЛЛЕДЖ ЧЕМПИОНАТЫ

Наурыз мейрамына байланысты Наурыз онкүндігі аясында колледж студенттері арасында қол күрестен жарыс өтті. Аталған іс-шара студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Жарыс барысында қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді. Әр салмақта үздіктер анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттармен марапатталды.

 

Бұл жарыс студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшылдықты арттыруға үлкен үлес қосты.