11 февраля 2026


КӘСІБИ ЖОЛДЫ ТАҢДАУ: АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ «ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ББ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары – филология ғылымдарының кандидаты Ольга Кувшинникова және педагогика ғылымдарының магистрі Дана Джумадилова Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бітіруші курс студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен өткен диалог барысында болашақ талапкерлерге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне қабылдау тәртібі, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу ерекшеліктері, талапкерлерге қойылатын талаптар мен қабылдау емтихандары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесуде университетте білім алудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Кафедра өкілдері дарынды студенттерді қолдау және ынталандыру жүйесі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ түлектердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру перспективалары туралы баяндады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Бұл олардың алдағы білім алу және кәсіби жолын саналы түрде таңдауына мүмкіндік берді.