7 февраля 2025


«МАМАНДЫҚ ҮЗДІГІ» ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында «Мамандық үздігі» — Speaking олимпиадасының қорытынды сайысы өтті. Білім жарысында қатысушылар сөйлеу дағдылары бойынша сынға түсті. Әділ қазы алқаларының сөзінше, қатысушылардың көбі ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген. Студенттер кәсіби бағытта қойылған сұрақтарға ойларын еркін жеткізіп, сенімді жауап берді.