2 декабря 2025


ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысы, Бобровка ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің түлектерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектеп бітірушілерге университетке құжат тапсыру үдерісі, білім беру бағдарламаларының мазмұны, грантқа түсу мүмкіндіктері және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша толыққанды ақпарат ұсынылды. Университет тарапынан оқу үдерісіндегі жаңашылдықтар, дуальды оқыту жүйесі, академиялық мобильдік бағдарламалары және халықаралық серіктестік бағыттары да таныстырылды.

Сонымен қатар түлектер университеттің ғылыми зерттеулерге, стартап-жобаларға, әлеуметтік және мәдени бастамаларға қатысу мүмкіндіктерімен кеңінен танысты. Кездесу соңында оқушылар мамандық таңдау, жатақхана, шәкіртақы және студенттік өмірге қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Бұл онлайн-кездесу болашақ талапкерлерге Аманжолов университетінің артықшылықтарын тереңірек түсінуге және өз кәсіби жолын дұрыс таңдауға көмектесті.