16 августа 2025


ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ШҚУ-ДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖЕТІСТІКТЕРІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Сергеевна Смолякова жұмыс сапарымен болды.

Депутат университеттің “Dana bala” инклюзивті білім беру орталығының жұмысымен танысып, оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Ол орталықтағы ғылыми ізденістер мен инклюзияны дамытудағы жетістіктердің ел көлемінде үлгі боларлықтай екенін атап өтті. Әсіресе, университет қабырғасында жасалатынын әрбір жабдық пен дамытушы құралдарды ерекше құнды деп санап, бұл тәжірибені басқа өңірлерге енгізу қажеттігін айтты.

Депутаттың оң бағасы ұжым еңбегінің нәтижесін көрсетіп қана қоймай, болашақтағы жаңа идеялар мен жобаларға серпін берді.