2 октября 2025


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ

ШҚУ-дың Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурс орталығында сегіз айлық педагогикалық қайта даярлау курстарының ашылуы өтті.

Іс-шараға Ресурс орталығының директоры Бақытгүл Құдышқызы Исебаева, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гаян Нұрахметқызы Губайдуллина, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының сениор-лекторлары Жанар Өтегенқызы Смаилова мен Қымбат Дәутбекқызы Қанапиянова қатысты. Олар педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуда.

Оқу басталған алғашқы күні тыңдаушылардың білім, білік және кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтау мақсатында кіру психолого-педагогикалық тесті өткізілді. Тест нәтижелері әрбір тыңдаушының бастапқы дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Тестті тапсырған тыңдаушылар келесі мамандықтарға қабылданады:

  • 6В01518 – Физика (IP)
  • 6В01514 – Информатика (IP)
  • 6В01706 – Ағылшын тілі (IP)
  • 6В01513 – Математика (IP)
  • 6В01403 – Алғашқы әскери дайындық
  • 6В01515 – Химия (IP)
  • 6В01516 – Биология (IP)
  • 6В01902 – Арнайы педагогика (IP)
  • 6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті
  • 6В01102 – Психология (IP)
  • 6В01517 – География (IP)
  • 6В01601 – Тарих

Бұл курстар педагогикалық салада кәсіби білімін жетілдіргісі келетін тыңдаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.