6 ноября 2025


ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ПСИХОЛОГТАР АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасы ұйымдастырған Клиникалық-психологиялық апта аясында РГУ №73 мекемесінің ҚАЖ жүйесі пенитенциарлық психологтарының ағартушылық дәрісі өтті.

Студенттер алдында полиция майоры Молдир Қабибиева және Милена Донец сөз сөйлеп, сотталғандармен жұмыс жүргізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ оқшаулау жағдайында және әлеуметтік дезадаптация кезеңінде психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерін түсіндірді.

Спикерлер сотталғандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық диагностиканы жүргізу мәселелеріне тоқталып, пенитенциарлық психологтардың күнделікті қызметінде қолданылатын бірқатар практикалық әдістер мен тәсілдерді көрсетті.

Студенттер үшін шынайы жағдайларға негізделген кейстерді талдау және қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ететін мамандардың кәсіби қиындықтары мен этикалық талаптары жөніндегі пікірталас ерекше қызығушылық тудырды. Кездесу соңында сұрақ-жауап форматында ашық диалог өтіп, қатысушылар мамандықтың жауапкершілігі, кәсіби құндылықтар және психологтың эмоционалдық тұрақтылығын сақтау жолдары туралы сұрады.

Бұл іс-шара болашақ психологтардың пенитенциарлық психологияның рөлі мен маңызын тереңірек түсінуіне, кәсіби көкжиегін кеңейтуіне және ҚАЖ саласындағы практикалық қызметке деген ынтасын арттыруға мүмкіндік берді.