31 июля 2025


ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТ: ҚАШАН? ҚАЙДА? ҚАЛАЙ?

Педагогикалық бағыттарға түсуді көздейтін талапкерлер психометриялық тест тапсыруға міндетті. Бұл талап ақылы негізде оқитындар мен мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түсетіндерге бірдей қолданылады.

Тест 2025 жылғы 20 тамызға дейін өткізіледі. Емтихан офлайн форматта, №1 оқу ғимаратының базасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, педагогикалық бағыттағы тест — бұл талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін, сондай-ақ олардың педагогика саласындағы дайындық деңгейін бағалауға арналған бағалау құралы. Мұндай тесттерде жалпы сұрақтармен қатар нақты педагогикалық пәндер мен дағдыларға қатысты арнайы тапсырмалар да болуы мүмкін.

Тест нәтижесінде талапкерлердің шыдамдылық, коммуникативтік қабілет, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу икемі, көшбасшылық қасиеттері және басқа да маңызды жеке қабілеттері айқындалады.