6 января 2026


СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Сіздерді С. Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы Спартакиаданың ашылу салтанатына шақырамыз.
Іс-шара 8 қаңтар күні сағат 10:00-де №1 оқу ғимаратының спорт залында өтеді.

Спартакиаданың ашылуы – университет ұжымын біріктіретін, командалық рухты, өзара қолдауды және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтатын жарқын спорттық шараның бастамасы болмақ.

Баршаңызды бөлімшелер командаларымен бірге толық құрамда келіп, ортақ бастаманы қолдауға, қатысушыларға жанкүйер болуға және мерекелік, шабыт сыйлайтын атмосфера қалыптастыруға шақырамыз.