8 января 2026


СПАРТАКИАДА – 2026: АРҚАН ТАРТУ

Amanzholov University-де дәстүрлі, жыл сайынғы спартакиада аясында арқан тарту бойынша жарыстар өтті.

Сайысқа барлығы 10 команда қатысып, олардың әрқайсысы ұйымшылдық пен жоғары деңгейдегі командалық жұмысты көрсете білді.

Жарыстың төрелігін Мәдениет, спорт және бастапқы әскери дайындық кафедрасының сениор-лекторы Александр Агафонов атқарды.

– Арқан тарту тек физикалық күшті, ептілікті және табандылықты дамытып қана қоймай, командалық рухты қалыптастырады. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті төреші.

Командалық ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды ректорат командасы иеленді. Қатысушылардың үйлесімді әрекеті, күшті дұрыс бөлуі және арқан тарту техникасын тиімді қолдануы жеңістің негізгі факторлары болды. Екінші орынға Жоғары колледж командасы ие болса, үшінші орынды Педагогика жоғары мектебі еншіледі.