1 августа 2025
СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2025–2026 оқу жылына арналған университет және Жоғарғы колледж білім алушыларын Студенттер үйлеріне ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1. 1-курс студенттерін студенттер үйіне орналастыру 2025 жылғы 20 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылады.
Университеттің ресми сайтында (https://vku.edu.kz/) тіркелу кезінде «Студенттер үйі қажет» деген белгі қойылған жағдайда, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру барысында техникалық хатшы арнайы электронды өтінішті басып шығарады. Сол өтініш пен қажетті құжаттарды тиісті студенттер үйіне апару арқылы студент жатақханаға орналаса алады.
2. Жоғары курс студенттерін орналастыру тәртібі:
2.1. 2–4 курс студенттері 2025 жылғы 28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында университеттің https://vku.edu.kz порталында өтінім қалдырады.
2.2. Өтінімге онлайн форматта жоғары мектеп деканы мен Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім келісім береді. Қол қойылғаннан кейін QR-кодпен расталған дайын өтінім студенттің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
2.3. Студент дайын өтінімді басып шығарып, қажетті құжаттармен бірге тиісті студенттер үйіне тапсырады және сол арқылы орналастырылады.
3. Орналасу үшін қажетті құжаттар:
1. Ректордың атына №1 қосымшаға сәйкес жазылған электронды өтініш (Жоғары мектеп деканы мен Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімнің келісімімен);
2. Жеке куәліктің көшірмесі;
3. 3х4 көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4. Оқып жатқаны туралы анықтама;
5. Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда):
• Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама;
• Мүгедектік туралы анықтама.
Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға болады +7 (7232) 540 708, 87059804170 немесе Cаll-орталыққа.