23 декабря 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ҰЖЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде марапаттау рәсімі өтті. Университеттің басқарма төрағасы-Ректоры Мұхтар Төлеген қатысушыларды марапаттады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ басқарма төрағасы, ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы марапатталды.

Марапатталғандар мен номинациялар: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ШҚО әкімі Алғыс хатымен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ марапатталды; «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Аида Айтмукашова марапатталды; ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ғылым үздігі құрмет дипломымен Нұргүл Шайханова марапатталды; ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Құрмет грамотасымен Айдар Гайсин, Құралай Алипина марапатталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен Айгерім Козыбаева, Айгерім Оспанова, Гүлім  Торегужинова марапатталды. 2025 жылғы 24 қазандағы №1970 бұйрығымен Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Ержан Малгаждаровқа Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 2025 жылғы 18 тамыздағы №1419 бұйрығымен Құқықтану ғылымдары ғылыми бағыты бойынша Айнұр Рамазановаға Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 2025 жылғы 20 қазандағы №1885 бұйрығымен Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша Майнұр Ордабаеваға Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Университеттің жылдық үздік номинациялары бойынша марапатталғандар «Үздік жас лектор» – Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының лекторы Ақбота Жанибекова. «Жылдың үздік ағылшын тілінде дәріс оқитын лекторы» – Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының лекторы Назым Балтабаева. «Жылдың үздік лекторы» – Физика және технологиялар кафедрасының сеньор-лекторы Евгения Шевчук. «Үздік маман» – Жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бөлімінің маманы Қарақат Айильбаева. «Үздік қызметкер» – Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Бақытгүл Исебаева. «Үздік білім беру бағдарламасының менеджері» – Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Наталья Радченко. «Жылдың үздік зерттеушісі» – Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың аға ғылыми қызметкері Қантай Нұрғамит. «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеуші» – «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Майра Тарлаубай. «Үздік оқытушы-практик» – Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғайни Қойшинова. «Үздік бөлім жетекшісі» – Мансап орталығының жетекшісі Жанель Болатова. «Үздік эдвайзер» – Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының сеньор-лекторы Ляйля Ахметова. «Үздік куратор» – Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының сеньор-лекторы Айгүл Асубаева.«Медиа-кеңістіктегі үздік куратор» – Экология және география кафедрасының сеньор-лекторы Серік Бакин.«Онлайн оқыту лидері (Coursera)» – Шет тілі: екі шет тілі бағдарламасының 4 курс студенті Вадим  Ватулин, Шамиль Байсеитов. «Үздік кафедра» – Физика және технологиялар кафедрасы. «Үздік жоғары мектеп» – ІТ және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі

Спорттағы жетістіктері үшін марапатталған студенттерге 50 000 теңге сертификаты табысталды: Кикбоксингтен әлем чемпионатының финалисі, Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері – Мақсат Ерланұлы; Кикбоксингтен Әлем кубогының екі дүркін иегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы – Қайырбеков Ернұр; Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласында өткен «The 5th World Kyokushin Championship» каратэден әлем чемпионы – Милана Щетинина.

Шәкіртақы және ғылыми жобалар жеңімпаздары: Увалиев Юмаш Каримович атындағы атаулы шәкіртақы – 6B01901 «Дефектология» бағдарламасының 4 курс студенті Анастасия Ушакова. Ғылыми стартап жобалар сайысының жеңімпаздары III орын – «Amanzholov University» brand-shop, 3 курс студенттері Диас Сағадиев, Ералы Сержанұлы, 100 000 теңге. II орын – «Қаржылық магнат», 3 курс студенттері Ұлболсын Аман, Шұғыла Делдерқанова, Сабина Айтқазина, 200 000 теңге. I орын – «КорнеСил-А», 3 курс студенті АнжеликаСемёнова, 300 000 теңге

Конкурстар мен олимпиадалар жеңімпаздары «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» Республикалық пәндік олимпиадасы – «Ustaz Nation» командасы. 6В11210 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша 17-ші Республикалық пәндік олимпиада – ШҚУ «Шығыс Қорған» командасы, 2-ші орын, жетекшісі: Сейітжан Дидар. Жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы: 6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» – Оралқызы Адина, Балтабаева Бағым, ғылыми жетекшілері: Есполова Г., Макшиева Г. 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» – 3-ші орын, студенті Нәбиева Наргиз, ғылыми жетекшілері: Есполова Г., Макшиева

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ академиялық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізген оқытушылар мен студенттерді марапаттау арқылы олардың еңбегін жоғары бағалап, университеттің білім беру, ғылым және спорт саласындағы беделін нығайта беретінін көрсетті.