11 декабря 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Іс-шара университет пен өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жас педагогтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталды.

Жәрмеңкеге Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы, Алтай ауданының Мансап орталығының директоры және ауданның 12 орта мектебінің директорлары қатысты. 

Алтай ауданының өкілдері өз елді мекендері, табиғи және мәдени көрнекіліктері, инфрақұрылымы туралы айтып, ауданның өмір сүру және жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайларын атап өтті. 

Әсіресе педагогтардың еңбек жағдайларына, әр түрлі пәндер бойынша бос орындардың болуына және жас мамандарды қолдау шараларына ерекше назар аударылды.